ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодар қаласындағы алғашқы Smart-бақша
22-06-2018 15:34

2018 жылғы 25 маусымда сағат 11.00 де Павлодар қаласының № 29 сәбилер бақшасының (Радищев көшесі,2) цифрлік мүмкіндіктерінің презентациясы өтеді.
Мектепке дейінгі ұйымда «BFGroupInc» ЖШС - «Smart Павлодар» жүйесі енгізілді. Мобильді қосымшаны PlayMarket, немесе AppStoreдан тегін жазып алуға болады. Бұл бағдарлама мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әзірленді. Әр бір топтың кіреберісінде есептеуіш құрылғылар орнатылды. Бақылау ата-аналардың биометрикалық деректерін теңестіру (ұқсастыру) арқылы қамтамасыз етіледі.
  «Smart Павлодар» жүйесі сондай ақ баланың балабақшаға келу және кету уақытын белгілеп отырады. Деректер базасына баланы балабақшадан алатын адамның деректері енгізілген, сондықтан да бөтен адамға баланы балабақшадан алып кетуге мүмкіндік жоқ.
Деректер базасына кіру үшін арнайы парольді (жасырын сөзді) енгізу арқылы қол жеткізуге болады. Пайдаланушылардың барлық жеке мәліметтері жақсы қорғалған.
«Smart Павлодар» қосымшасының мүмкіндіктері арқылы ата-аналар ұялы телефондарына Push-хабарландыру алуға, баланың қатысуы туралы, төлем сомасы және төлеу мерзімдері туралы хабарларды алады.
Егерде бала балабақшада үш күннен көп уақыт болмаған жағдайда осы жүйе автоматты түрде дәрігерлік анықтаманы сұрайды және ата-анасын басшыға немесе дәрігер қызметкерге жолдайды.
Балабақшаның әкімшілігіне мобильді қосымша арқылы тура өтініш қалдыру мүмкіндігі бар.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі