ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас музыканттар мұражайда
28-06-2018 16:41
Жас музыканттар мұражайда

«Сириус» мектеп жанындағы лагерьдің тәрбиеленушілері мен Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің педаготары балалық шақ әлеміне барғандай болды. Олар көркемдік мұражайдағы авторлық қуыршақтар көрмесін аралады.

Оқушылар Павлодар мен Алматы қалаларының шеберлері қолдан жасаған бірегей қуыршақтар мен мұнарланған ойыншық жиынтығы, сондай-ақ мұражай қорынан шыққан әдемі суреттерді тамашалады.

Сол мұражайда фотограф-өлкетанушы Кабдулбари Алиновтің вернисажына барды. Көрме Ертіс өлкесінің тарихына, оның тұрғындарына, естен кетпес оқиғаларға, осы жердің әсем табиғатына арналған болатын. Экспозицияда күнделікті және мерекелік сюжеттердің суреттері мен портреттері, пейзаж бейнеленген.

Балалар мұражайда көргендерін бір-біріне айтып, мәз-мейрам болды.