ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бейінді лагерь тәрбиеленушілерінің мерекелік концерті
29-06-2018 15:33
Бейінді лагерь тәрбиеленушілерінің мерекелік концерті

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде 2018 жылғы 29 қаңтарда «Сириус» бейінді лагерінің бірінші ауысымын салтанатты жабу рәсімі өтті.

Екі апта бойы мектептің 130 оқушысы өз денсаулығын нығайтып, көп нәрсені білуге деген құштарлығы оянды. Лагерь бағдарламасына экскурсиялар, мұражайларға, кинотеатр, карусель мен аттракциондарға бару  сияқты мәселелер енгізілген. Оқушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізілген «Өнерлі бала - сүйкімді» жобасына, шығармашылық шеберханаларға (театралды, көркем-сурет студиялары, «Музыкант-полиглот», «Шумовой оркестр») спорт сайыстарына қатысты.

Бірінші ауысымның жабылуына мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері мерекелік концерт, музыкалық-театрландырылған «Бременские музыканты» қойылымын, оқушылардың қолынан шыққан аспабтарда шу оркестрінің бірегей композициясын орындады.

Музыкалық колледждің хор дирижорлығы бөлімінің оқушыларымен бірлесіп дайындалған балалар флешмобы ұйымдастырылды. Концерт «Мы вместе!» хор әнімен аяқталды.

Тамыздың 1-і мен 15-і аралығында мектеп жанындағы бейінді лагерьдің екінші жазғы маусымында мектептің 80 оқушысы демалады.