ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Өз өлкеңді танып біл
17-07-2018 09:48
Өз өлкеңді танып біл

Көрікті шатқалдар Баянауыл тауларындағы құпиялы орындар болып табылады. «Көшбасшы турист, эколог, өлкетанушы» лагерінің қатысушылары адамды жасартатын тірі су туралы аңызбен байланысты «Мыстандар шатқалына» тарамдалған шығуға бет алды.
Мұнда жас экологтар мен өлкетанушылар «Таза үй-таза ғаламшар» экологиялық акциясын өткізіп, жас туристер «Тау туризмі техникасы элементтерін шыңдау» машықтану тәжірибесі барысында жартасқа өрмелеу дағдыларын бекітті.
«Көшбасшы - 2018» эколоиялық квест ойынына қатысу балалардың экология және өлкетану салаларындағы білімдері мен құрама ішінде жұмыс атқара білу қабілеттерін көрсете білді.
Әр қатысушы алған әсерімен бөлісіп, өз дарындылығы мен қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берген «Жасақ жылнамасын» қорғау лагер жұмысының қорытындысына айналды.
Лагер жұмысына қатысу әр қатысушының бойында тек жағымды сезімдерді ғана қалдырды, кейін фотосуреттерді қарап, әрқайсысы осы жерге қайта келуді армандайды....