ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бейінді лагерьдегі жазғы демалыс
16-08-2018 17:43
Бейінді лагерьдегі жазғы демалыс

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің «Сириус» мектеп жанындағы жазғы бейіндік лагерінде 2-ауысымның жабылуы өтті. Лагерьде демалуға мектептер мен шағын аудан бойынша шамамен 200 оқушы қамтылған болатын.

Маусымның салтанатты жабылуын мерекелік концертпен аяқтады. Жан тебірентер қойылымды ата-аналар, педагогтар оқушылармен бірге күтті. Концертті Иван Вячеславович Кузякиннің басқаруымен «Баршаға арналған оркестр» жобасы аясында ұлттық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен сөз сөйлеу және флешмоб шеруімен ашты. Юлия Вадимовна Захарчуктің басшылығымен «Дюймовочка» музыкалық спектаклі шарықтау шегіне айналды. Мереке топтастырылған хордың орындауындағы балалар әндерінің попурри циклімен,  әуе шарларының от шашуы және тәттілер таратумен аяқталды, жетекшісі Ксения Владимировна Миронец.

«Театрландырылған мозайка» театр студиясының қатысушылары «музыкадағы авангард» ұлттық аспаптар оркестрі, «Заттардың екінші өмірі» экологиялық жобасының қатысушылары екі апта бойы өздерінің концерттік қойылымдары мен жұмыстардың есеп беру көрмесіне дайындалды. Ұйымдастырушылар жұмысқа барлық балаларды қамтуға тырысты, әрқайсысы өздерінің қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес жұмыс тапты.

«Лагерьде достарымызбен бірге денсаулығымызды нығайтып, музейге, концерттерге, әр түрлі іс-шараларға қатысып музыка туралы көптеген қызықтарды білдік. Біз ескі достарымызбен қайта қауышу үмітімен бір жылға қоштасамыз», - деді екінші отрядтың тәрбиеленушісі Бараболь Маргарита.