ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Бірінші сынып оқушылары «Антарес» астроклубында қонақта болды
11-09-2018 13:22
Бірінші сынып оқушылары «Антарес» астроклубында қонақта болды

 

Павлодар қаласының № 18 ЖОМ-нің бірінші сынып оқушылары облыстық М. Катаев атындығы Оқушылар сарайының обсерваториясына барып, «Антарес» астроклубының жұмысымен танысты.

Жас астрономшылар Әмір Қаратай, Алимжан Гумран, Сулейман Сарбупеев өздерінің қызықты сабақтары туралы баяндап, жұлдызды әлемді бақылайтын керемет құрылғыны көрсетті.

 Астана, Алматы, Новосібір, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларындағы халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қобыланды, Ереңғайып пен Ерназар Шукенов астроклубтағы жаттықтырулары жайлы айтты.

Кішкентай балдырғандар «Антарес» клубының тәрбиеленушілерін бар қызығушылықтарымен тыңдап, обсерваториядағы сәулелік телескопына қарап, планетарийде «Барлығы ғарыш туралы» атты фильмді тамашалады, викториналарға белсенді қатысып, сонымен қатар космонавтика жайлы кітаптарды сыйлыққа алды. Бірінші сыныптың кейбір оқушылары астрономиялық клубқа жазылды.

«Бұндай кездесулер, біздің астроклубымызда жиі болады деп ойлаймын. Жаңадан біздің сабаққа келген жас астрономшылар планетаның қозғалысын, ғарыштық құбылыстардың ғылыми ізденістерімен айналысып, халықаралық және республикалық жобаларға қатысады, - деді «Антарес» астроклубының жетекшісі Гүлнәр Баубекова.