ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жыл мұғалімі - 2018» қалалық сайысы туралы
14-09-2018 14:41

19 қыркүйекте № 42 жалпы орта мектепте (Ткачев, 15) және 2018 жылдың 20 қыркүйегінде, № 22 жалпы орта мектебінде (Чокин көшесі, 27) сағат 8: 45-ден 13: 00-ге дейін Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Жыл мұғалімі» - «Кәсіби шеберлік» (бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізу) қалалық конкурсының II кезеңді өткізеді.


Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес оқу үрдісін жандандыру, педагогикалық инновациялық тәжірибені жинақтап тарату, оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін арттыруды тәжірибеде іске асыратын, шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс істейтін, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында жыл сайын қалалық «Жыл мұғалімі» сайысы өткізіледі.


Сайысқа қатысу үшін 36 қала мектептерінен (№ 1, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 14, 15,16,17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 34, 35, 36, 37, 39, 40,41, 42, 43, Жетекі ЖОШ, Кенжекөл ЖОМ ) 51 мұғалім тапсырыс берді (география -3, химия -1, бастауыш сынып – 8, ағылшын тілі - 9, тарих - 6, қазақ тілі - 7, орыс тілі-3, математика - 2, дене шынықтыру - 4, информатика -2, биология - 2, жаратылыстану - 1, бейнелеу өнері -1, музыка - 2). Педагогикалық өтілі 3 жылдан 5 жылға дейін «Үміт» аталымының қатысушалары - 19 педагог, педагогикалық өтілі 6 жылдан 15 жылға дейін «Шеберлік шыңы» аталымына 18 қатысушы, педагогикалық өтілі 16 жыл және одан жоғары «Шоқ жұлдызы» аталымына 14 қатысушы іріктелді.


Әділ қазылар алқасының мүшелері білім беру бөлімінің, жоғары оқу орны өкілдері, директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, қала мектептерінің жоғары санатты тәжірибелі мұғалімдерінің қатарынан құрылды.
Бірінші іріктеу турының қорытындысы бойынша сайыскерлер соңғы кезеннің қатысушылары болады.


Бірінші іріктеу кезеңі шеберлік - сынып «Менің инновациялық тәжірибем» 2018 жылғы 14 қыркүйекте № 28 жалпы орта мектебінде өтті.


«Жыл мұғалімі - 2018» қалалық сайысының жеңімпаздары «Үміт», «Шеберлік шыңы», «Шоқ жұлдызы» номинацияларында анықталады.
 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі