ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектебінде футбол алаңының ашылуы
21-09-2018 21:37
Қала мектебінде футбол алаңының  ашылуы

 

Жаңа оқу жылында Павлодар қаласы Б.Момышұлы атындағы № 22 жалпы орта білім беру мектебінің жанында айналасында жүгіру жолы бар толық аумақты футбол алаңының ашылуы аталмыш мектеп оқушылары және ықшамаудан тұрғындарын бір қуантып тастады.

Футбол алаңының ашылуы 2018 жылғы 21 қыркүйекте өтті. Шараға Павлодар облысының әкімі Бақауов Болат Жұмабекұлы қатысты.

Жаңа алаң жалпы орта білім беру мектебіндегі дене шынықтыру бағдарламасының барлық заманауи талаптарына сай жасалған.

Алаңға жасанды төсеме салынып, стритбол мен волейбол ойнауға лайықталған резеңкелі алаңшалар қойылған, гимнастика кешені, жүгіру жолдары, ұзындықтан секіру шұңқыры, трибунамен жабдықталған.  Спорттық кешеннің аумағы қоршалып,  жарықдиодты шамдары бар прожекторлармен жарықтандырылған. Спорттық кешенді салған мердігер - «Мираторг ПВ» ЖШС.

«Дені сау ұлтты тәрбиелеу - спорт мен елдің болашағына қосқан зор үлес.  Біздің балаларымыздың жоғары деңгейде спортпен айналысуына қосымша мүмкіндік жасалғаны үшін педагогикалық ұжым, оқушылар және ата-аналар атынан үлкен алғысымызды білдіреміз, - дейді мектеп директоры Мамбетова МайраҚабиденқызы.

Футбол   алаңынының  ашылу  қарсаңында  футболдан жастар арасында өткен республикалық «Былғары доп» мектеп лигасында  аталған мектептің 2007 - 2008 жылғы жасөспірімдері   жеңімпаз  атанғаны ерекше  оқиға  болып  табылады. Футбол  турнирінде  қарсыластары болған  Атырау, Семей, Алматы қалаларының, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан келген жасөспірім футболшылар. Жарыстың  қорытындысы  бойынша  мектеп командасы  І  орынды  иеленді.

«Жаңа заманауи спорттық кешеннің салынуы оқушылардың спорттық дағдыларын дамытуға және жаңа жеңістерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», - дейді құрама капитаны 10- сынып оқушысы Амангелдинов Темірлан.