ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
XI Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңінің жеңімпаздары
28-09-2018 00:16
XI Президенттік  олимпиаданың аймақтық кезеңінің  жеңімпаздары

 

І аймақтық кезеңінің қорытындысы бойынша  Павлодар қаласы № 9гимназия мектебінің оқушысы Ульянова Майя, № 16 лицей-мектебінің оқушысы Вахрушева Елизавета,  № 39 ЖОМ оқушысы Илияс  Сұлтан,  20 лицей-мектебінің оқушысы Хасен Мейірман, № 17 ЖОМ оқушысы Двинянина Екатерина II республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңіне ұсынылды. Жеңімпаздар  математика, физика, химия және биология бойынша  жалпы ұпай саны бойынша анықталды.

11 сынып оқушыларына   арналған  жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХI Президенттік  олимпиаданың республика бойынша І аймақтық кезеңі  2018 жылы 26 қыркүйекте  өтеді. Павлодар мемлекеттік  педагогикалық институтта олимпиаданың аймақтық кезеңіне 12 мамандандырылған мектептен және ауданнан Павлодар, Ақсу қаласынан облыстың 59 мектебінен 127 оқушы қатысты,оның ішінде мемлекеттік тілде оқитын 76 оқушы, орыс тілінде оқитын 51 оқушы. 

Олимпиаданың II республикалық іріктеу кезеңі  бір уақытта Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің Интерактивтік студиясының жүйесі арқылы республиканың барлық аймақтарында  2018 жылы 17 қазанда өтеді. Іріктеу тур II турдан тұрады-қашықтық және шығармашылық (эссе жазу).