ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас ақындар сайысы
08-10-2018 13:28
Жас ақындар сайысы

 

Астананың 20 жылдығына арналған облыстық жас ақындардың мүшәйра-сайысына Павлодар қаласының № 35 ЖОМ 11 сынып оқушысы Жұматай Дариға мен 9 сынып оқушысы Кошматова Балнұр қатысты.

Сайыстың қорытындысы бойынша № 35 мектептің оқушылары алғыс хат және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бұл оқушылардың жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері Табикенова Қарлығаш Сағидоллаевна, Кибатова Самал Бакубаевна.

Жұматай Дариға «Туған жерім - Кереку» деген тақырыпта өзінің шығарған өлеңін оқыды. Дариға 2018 жылы Абай оқуларының (ІІ орын) жүлдегері,  қалалық пән олимпиадасының (2017 жыл) ІІІ орын иегері атанды.

Кошматова Балнұр да өзінің туған жерінің сұлулығы туралы төл туындысын ұсынды. Балнұр Абай Құнанбаев пен Мұқағали Мақатевтың өлеңдерін жатқа оқиды, поэзияны сүйеді.

Ақындар мүшәйрасының қорытындысы С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада шығарылды. Оған жалпы орта білім беру мектептерінен, колледждер мен жоғарғы оқу орындарынан 15 жас дүлдүл қатысты.