kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2876161
Бір айда239972
Бір аптада35601
Кеше3089
Тәулік2806
Облыстық тарих пәні конкурсының жеңімпазы
09-10-2018 19:44
Облыстық тарих пәні конкурсының жеңімпазы

 

«Менің кіші Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурстың облыстық кезеңіне Павлодар қаласының мамандандырылған және жалпы орта білім беру мектептерінің 9 сыныпта оқушыларынан 26 оқушы қатысты.

Облыстық кезең қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломымен Павлодар қаласының № 25 ЖОМ оқушысы Социалова Гульдана марапатталды. Гульдана пән олимпиадаларында 5-сыныптан бастап, ал  қалалық пән олимпиадасына 2017 жылы  қатысты. Ол мектепішілік волейбол командасының белсенді мүшесі, әртүрлі қоғамдық іс-шараларға үнемі қатысады.

Конкурстың облыстық кезеңі 2018 жылғы 4 қазан күні дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебінде өткізілді. Мақсаты - туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс атынан республикалық кезеңге қатысады конкурстың қорытынды кезеңі екі тур бойынша өткізіледі (І тур - Қазақстан тарихы бойынша тест тапсыру, ІІ тур - 4 номинация бойынша: «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кішкентай Отанымның символы», «Менің кішкентай Отанымның болашағы»,«Менің туған өлкем»).