ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогтардың аттестациясы аясындағы әдістемелік күндер
11-10-2018 00:19
Педагогтардың аттестациясы аясындағы әдістемелік күндер

 

         Педагог кадрлардың аттестациясы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті қала мектептеріне әдістемелік күндерді ұйымдастырды.

         Басты мақсаты - педагогтардың кәсіби құзыреттілігіне баға беру, жалпылау мен бөлісу мақсатында педагогикалық тәжірибені зерттеу.

         Әдістемелік күн барысында мұғалім-сарапшы, мұғалім-зерттеуші, мұғалім-шебер кәсіби санаттарын алуға үмітті педагогтар ашық сабақ беріп, білім мазмұның жаңарту мен оқыту технологияларын енгізу бойынша тәжірибелерімен бөліседі.

         Аттестацияның І кезеңі  ұлттық біліктілік тестілеуінен  қала мектептерінің 648 педагогі өтеді деп жоспарлануда, сонымен бірге 130 педагог-шебер, 125 - педагог-сарапшы, 382 - педагог-зерттеуші, 11- педагог-шебер.

         Педагогтардың жалпы санынан 442-сі жоспарлы, 206 - мерзімінен бұрын аттестациядан өтуде.