kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2907889
Бір айда232603
Бір аптада50567
Кеше8379
Тәулік7042
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жас мамандардың әдістемелік қалыптасуы
08-11-2018 00:11
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жас мамандардың  әдістемелік қалыптасуы

    Соңғы 3 жылда қала мектептеріне 318 жас мамандар келді, ол барлық қала педагогтарының 11% құрайды. Қалалық педагогтар корпусының басым бөлігін тәжірибелі қызмет өтілі көп педагогтар құрайды (бірінші және жоғары санаттағылар үлесі - 70% дейін, жұмыс өтілі 25 жылдан астам - 67%), сондықтан да уақтылы түрде жастар қатарынан кадрлық резрвті дайындау талап етеді.

    Жүйелі түрде жалпы орта мектептерде жас мамандар мектебі жұмыс істейді, тәлімгерлік ету жүйесі дамыған. № 9, 11, 24, 34, 39, 40 мектептерінің әдістемелік қызметтерінің тәжірибесі қала деңгейінде таныстырылды. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен ұйымдастырылған, ПРОЛС жас мамандардың кәсіби өзанықталымы бойынша клубы бірнеше жылдар бойы ойдағыдай (табысты) жұмыс істеп тұр.

    Клуб жұмысын жоспарлау жас педагогтардың жұмысындағы қиыншылықтарды талдау негізінде іске асырылады. ПРОЛС клубының жұмысын жоспарлау міндеті жас мамандардың бейімделуі кезінде психологиялық қолдау көрсету қамтамасыз етуге, неғұрлым әдеттегі қателіктерді анықтау және ескерту, педагогикалық қиыншылықтарды жеңіп шығуда көмек беруге, жас мамандар мен тәжірибелі педагогтардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға, оң (болымды, дұрыс) педагогикалық тәжірибені жалпылауға,жас мұғалімдердің жұмысына заманауи білім беру технологияларын апробациялау және енгізуге, шығармашылық қызметтің жеке өзіндік стилін қалыптастыруға қолдау көрсетуге, жас педагогтардың кәсіптік өсулеріне бағытталған.

     Жоғарыда аталған мектепте оқу кезінде жас мамандар 3 кезеңнен өтеді - «Мен және менің жұмыс орным (ұжым, мектеп)» - педагогтың қалыптасу кезеңі, оны корпоротивтік мәдениетке бейімдеу және қатыстыру, «Мен және менің мамандығым» - басымдықты кәсіби дағдыларының даму кезеңі, «Мен және менің мансабым» - инновациялық әлеуетінің даму кезеңі, көшбасшыларды анықтау, мансабын одан әрі дамытуды жоспарлау. Клуб отырысы мектептерде ай сайын өткізіледі. Демалыс уақытында жас мамандар үшін ұйымдастырылған ісәрекеттік ойындар шеңберінде тәжірибелі педагогтармен заманауи технологияларды зерделеу және апробациялау бойынша тренингтер және мастер-класстар өткізіліп тұрады.

     ПРОЛС клубы шеңберінде жас педагогтар сбақтардың интернет-фестивалінің «Педагогикалық дебют» номинациясына қатысады. Жастар педагогикалық ойындарын іске асыру арқылы кәсіби дамуларының инфрақұрылымы өзгереді. Жинақталған тәжірибені балалармен жұмыс істеу практикасына ойдағыдай көрсетуге «Менің кәсіби таңдауым», «Педагогикалық ринг» конференциялары, жас мамандардың КТК (КВН), «Ұрпақтар кездесуі», «Мұғалімнің көшбасшылығы арқылы білім беруді трансформациялау» жас педагогтар форумдері ықпал етеді. Қала педагогтарының командасы - КТК командалырының облыстық финалдағы жеңімпазы.

   «Осы іспеттес шараларға қатысу арқылы, жас педагогтар игерілген жұмыс үлгісін балалармен жұмыс істеу тәжірибесенде пайдаланады. Қалыптасқан жұмыс жүйесінің тиімділігі жас педагогтардың кәсіби сайыстарға қатысуларының нәтижелері растап отыр», - деп Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Галина Александровна Шиндлярская атап өтті.

      Павлодар қаласының № 9, 17, 40 мектептерінің 6 жас мамандары «Дарынды балаларға – дарынды мұғалім» атты республикалық олипиада жеңімпаздары» атанды, «Жыл мұғалімі» облыстық конкурсының гран-при иегері - № 34 мектептің физика мұғалімі, Жасұлан Ғабитұлы Мендыбаев, «Үздік педагог» конкурсының қалалық кезеңінде - № 19 мектептің информатика мұғалімі, Алмаз Сансызбайұлы Серікбаев, «Білім берудегі көшбасшы - 2018» қалалық конкурсының жеңімпазы - № 21 мектеп мұғалімі, Максим Иванович Шишлов.

  Одан басқа, қаланың 19 жас мамандары облыстық мұғалімдер олимпиадасының, «Педагогикалық бастамалар», «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал» облыстық конкурстарының, «Заманауи сабақ» интернет-фестивальінің жүлдегерлері атанды.

   Осының барлығы жас педагогтарды сүйемелдеудегі қалыптасқан жұмыс жүйесінің тиімділігін көрсетіп отыр.