ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Ленин кенті мектеп оқушыларының мәнерлеп оқу байқауы
09-11-2018 00:30
Ленин кенті мектеп оқушыларының мәнерлеп оқу байқауы

   Ленин кентінің «Жаяу Мұса атындағы» Мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жаяу Мұса Байжанұлының 183 жылдығына арналған жыл сайын ұйымдастырылатын ақын, сазгер, әншінің шығармаларын мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау мақсаты - қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін насихаттау, мәнерлеп оқу бойынша талантты балаларды анықтау, Жаяу Мұсаның шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру.

   Байқауға Ленин кентіндегі № 31, 32, 33 мектептерінің 30-дан астам оқушысы қатысты. Жаяу Мұса киелі Баянауыл жерінің Жасыбай көлінің жағасында дүниеге келді. Әділ-қазылар алқасының құрамында ақын, тіл жанашыры Арман Қани мен Жаяу Мұсаның шөбересі, Ленин кентінің тұрғыны Темірхан Дурманов қатысушылардың өнерін бағалады.

   Оқушылар Жаяу Мұса Байжанұлының лирикалық, сатиралық шығармаларын жатқа оқыды.

  Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды. № 32 ЖОМ 9-сынып оқушысы Нығманова Алтынай І орын, № 31 ЖОМ 5-сынып оқушысы Тогжигитова Жанель ІІ орын, № 33 ЖОМ 8-сынып оқушысы Смагулова Баян ІІІ орынды иеленді. «Ұшкір ойлы», «Сөз шебері», «Көрермен көзайымы» номинациялары бойынша 6 оқушы марапатталды.