Павлодар қаласының № 11 ЖОМ 2018 жылы 29 қарашада география бойынша жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Мақсаты- ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын және шығармашылық қабілетін дамыту және айқындау, география пәніне дарынды оқушыларды баулу. Олимпиадаға қаланың 32 жалпы білім беру мектептерінен 7 - 8 сыныптың 62 оқушысы қатысты.
Өткізілген олимпиада қорытындысының анализі өткен оқу жылмен салыстырғанда қатысушылар саны (28 - 62 оқушыға дейін), жүлдегерлер мен жеңімпаздар саны 2 есе артты.
Қаланың жоғарғы оқу орындарының жетекші ғалымдар құрамындағы әділ қазылар бұрынғы олимпиадашыларды олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарын анықтады.
І дәрежелі дипломмен № 25 ЖОМ 8 сынып оқушысы Абулхан Әлімхан, № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Молдабаев Наиль марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен № 1 ЖОМ 7 сынып оқушысы Алимпаева Екатерина, № 24 ЖОМ 8 сынып оқушысы Бекмағамбетова Аяулым, № 29 ЖОМ 7 сынып оқушысы Кузнецова Анастасия, № 34 ЖОМ 7 сынып оқушысы Любимов Артем, № 35 ЖОМ 7 сынып оқушысы Хайратбек Берікбол, № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Коваленко Максим марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен № 4 ЖОМ 8 сынып оқушысы Мальсагов Ислам, № 7 ЖОМ 8 сынып оқушысы Мусаипова Сания, № 22ЖОМ 7 сынып оқушысы Аубакиров Санжар, № 22 ЖОМ 8 сынып оқушысы Куандыкова Айғаным, № 33 ЖОМ 8 сынып оқушысы Береке Еркежан, № 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы Шанцев Артур, № 36 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ковалев Артур, № 41 ЖОМ 8 сынып оқушысы Жолдубаева Карина, Кенжекөл ЖОМ 8 сынып оқушысы Зинченко Милена марапатталды.
2019 жылдың ақпан айында жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне І орын алған оқушылар қатысады.