ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«№ 126 сәбилер-бакшасының инновациялық жұмыс тәжірибесi туралы
30-11-2018 15:49

«Павлодар қаласының № 126 сәбилер бақшасы-балалардың эстетикалық даму орталығы» МҚКК-да 2018 жылғы 5 желтоқсанда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтеді (сағат 9 - 11 дейін, Майры, 27).
Мектепке дейінгі мекеме көркем эстетикалық бағытын iске асыру аясында инновациялык қызметі жайлы есебімен таныстырады.
Бағдарламаның практикалық бөлмiнде балалар студиясының «ТВ балалары» телевиденияның жас журналистерi сараптама кеңесінің мүшелеріне «Бiздi бiл!» теле бағдарламасын көрсетеді. Телебағдарламаның қатысушылары көрермендерге балабақшаның ең дарынды тәрбиеленушілері жайлы айтып кетеді.
«Кішкентай сиқыршылары» студиясының жас дизайнерлерi декоративтi арнайы техниканың «декупаж» және «мозаика кракли» шығыс стильде құмыраларды жасайды.
«Полиглот» тiлдер шоуы балалар үшін өте қызықты болады. Қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiнде кiшкентай полиглоттар ересектеу балалардың сұрақтарына жауап береді.
Өнерді спортпен кезектірiп, қатысушылар фитнес марафонға көшеді. Жас спортшылардың жаттығулары заманауи спорттық жабдықтарды колдану арқылы басталады: степ-платформа, мини-бендтер және «ТRХ iлмектерi».
Қорытынды бөлмiнде «Жайдары Күнкей» мюзиклдың алғашқы көрсетілімі ұсынылады. Спектакль қазақ ұлттық ертегілер ағымында қойылған және педагогтардың балалар көркем-эстетикалық даму бағытындағы жұмыстарының табысты өлшеуіші болып табылады.
Сараптама кеңесінің нәтижесі бойынша мектепке дейінгі мекеменің инновациялык қызметіне баға беріліп және дамудың болашақта келесі перспективалары айқындалды.