ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған өлкенің сұлулығы блалардың суреттерінде
04-12-2018 11:07
Туған өлкенің сұлулығы блалардың суреттерінде

Павлодар қаласының № 2 балалар көркем сурет мектебінің төрт оқушысы Литваның Клайпед қаласында өткен «Славянский родник» халықаралық сурет конкурсының дипломанттары атанды.

Ағымдағы жылы аталмыш конкурсқа 19 елден  (Беларусия, Болгария, Канада, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Молдавия, Польша, Ресей, Румыния, Сербия, АҚШ, Тайланд, Өзбекістан, Украина, Швеция, Эстония) 4,5 мың жұмыстар ұсынылды, соның ішінде Павлодардан 18 оқушы өз жұмыстарын таныстырды.

«Туған өлке сұлулығы» номинациясында лауреат атанғандар: «Қыс» жұмысымен, Арина Барт, 5 жаста,  жетекшісі Наталья Васильевна Герусова және Айзия Танжарык, 5 жаста, «Үкі» жұмысымен, жетекшісі Жанар Ержановна Шайкенова. Жұмыстар гуаш бояуымен орындалған.  Олар Клайпед суреттер галереясының қорытынды көрмесінде көрерменге ұсынылды.

Томирис Кудайберген, 9 жас, «Рождество» жұмысымен, жетекшісі Ольга Ивановна Ловина және Диана Аштаева, 6 жаста, «Туған өлке» жұмысымен, жетекшісі Наталья Васильевна Герусова конкурс дипломдарымен марапатталды.

Славян ағартушылары Кирилл мен Мефодийді еске алуға арналған дәстүрлі түрде, жыл сайын өткізілетін конкурс жас таланттарға өз қабілеттерін ашуға жол бастайды.