ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қазақстан туралы суреттер
06-12-2018 11:31
Қазақстан туралы суреттер

№ 1 балалар көркемсурет мектебінде қалалық балалар бейнелеу шығармашылығы сайысы бойынша марапаттау салтанаты және көрме ашылуы өтті. Бұл сайыс Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналып, 15 жалпы білім беру мекемелерінің 60-тан астам оқушысының басын қосты.

Оқушылар «Көк тудың желбірегені» тақырыбында өз жұмыстарын байқауға ұсынды. Өз жұмыстарында мемлекетіміздің дамуы мен нығаюын көрсететін мейрамдарын, жарқын оқиғаларын, Қазақстан тұрғындарының бейбіт әрі бақытты өмірін көрсететін көріністерін бейнеледі.

 Олар «Көк тудың желбірегені атты» тақырыбына  өз суреттерін ұсынды. Солардың ішінен қазылар алқасы  3 жұмысты биік бағалап, соларға жүлде орындарын берді. I орынға № 12 ЖОМ 2 сынып оқушысы «Астана » суреті үшін Қаршыға Дина ие болды, II орынға - Исенова Карина, № 13 ЖОМ 4 сынып оқушысы, «Ақ ордада» суреті үшін, III орынға     Сабирова Софья № 16 мектеп-лицейінің  оқушысы, « Менің Астанам» суреті үшін.

«Барлық қатысушылар берілген тақырыпты қызықты ышып бейнеледі, өз суреттерінде Елбасының жұмысын қалай түсінетіндерін және Отанға деген сүйспеншіліктерін білдірді. Айтарлықтай, қатысушылардың жұмыстары әр-түрлі техникалармен, қызықты идеялармен, өмірсүйгіш көңілкүймен ерешеліктенеді», - дейді алқасының мүшесі, № 1 көркемсурет мектеп басшының орынбасары Инна Владиславовна Масленникова.