ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Бүгін баршамыздың осы жерге жиналғанымыз қандай тамаша
06-12-2018 11:35
Бүгін баршамыздың осы жерге жиналғанымыз қандай тамаша

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің жеке және ансамбльде ән айту бөлімінің оқушылары Павлодар география үйінің мерейтойының мерекелік кешіне қатысты. Биылғы жылы өзінің алғашқы 5 жылдық мерейтойын атап өтті.

Кеш қонақтары үшін мектеп оқушылары Рауш Арианна және Усина Дания «Жаңа ғасыр, Қазақстан», «Пульс планеты» әндерін орындады. Бұл әндер мерекеге арналған, онда туған еліне, туған өлкесіне, адамдарға жеген сүйіспеншілік бейнеленген. Мектеп педагогы Ксения Владимировна Миронец «Мектебіміз Павлодар география үйімен тығыз ынтымақтастықта болғанына қуаныштымыз», - деді.

Мерекелік іс-шара «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өтті. Павлодар география үйін достары құттықтап келді, қаланың зиялы қауымы бейнеқұттықтау жіберді. Көрермендерге Павлодар география үйінің құрылуы мен дамуы туралы бейне фильм көрсетілді. Оның белсенділері марапатталып, мүшелік билеттер табыс етілді, «Джурбай» жас өлкетанушылар клубының тәрбиеленушілері ерекше ықыласқа бөленді.