ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Табысты менеджмент - сапаны қамтамасыз етудің кепілі
12-12-2018 09:15
Табысты менеджмент - сапаны қамтамасыз етудің кепілі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институты мен «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Астана қаласының 20 жылдығы аясында 2018 жылдың тамыз айында «Үздік директор - 2018» республикалық конкурсын жариялады. Байқаудың мақсаты - дарынды, үздік директорларды анықтау және республиканың инновациялық идеяларын арттыру, қоғамды насихаттау. Ережеге сәйкес қатысушылар инновациялық орталыққа берілген тақырыпқа эссе ұсынды. Павлодар қаласының № 35 балабақшасының басшысы Гүлжауар Жанғалиқызы Әубәкірова «Білім берудегі басымдықтар» тақырыбында эссе ұсынды.

Конкурстың қорытындысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналды. Марапаттау рәсімі Астана қаласының Министрліктер үйінде «Білімнің салтанат құруы» атты конференцияда өтті. Конференцияда марапаттауға арнайы шақыру алған барлық жүлдегерлерді құттықтап, тиісті марапаттарды табыс етті. Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Гүлжауар Жанғалиқызы І дәрежелі диплом, «Bilim-orkeniety» Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының «Үздік директор - 2018» төс белгісін алды.