«Су-тіршілік көзі» эссе-байқауы және балалар суреті халықаралық сайысының қорытындысы бойынша көрменің ашылу салтанаты Юрмала қаласының көрме залында өтті. Жыл сайын 22 наурыз күні өтетін бұл сайыс, бүкіл әлемдік су күніне арналып, онда балалар мен жастарды баулу мақсаты көзделді.
Байқаудың жеңімпаздары - балалар, біздің жер шарымызға, адамзат пен табиғатқа өте маңызды болып келетін судың мағынасын ойлай отырып, өздерінің шығармашылық көзқарастарын кескіндеме және графика тақырыбында іске асырды.
Қазақстан, Болгария, Ресей, Польша, Турция, Германия және тағы басқа әлем елдерінің 4650 бүлдіршіндері ат салысқан бұл сайыс Латвия Юрмала қаласында өтті.
Көрме қорытындысы бойынша 14 үздік жұмыстан тұратын күнтізбе-альбом құралды, солардың ішіне Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінің 7 жасар оқушысы Василиса Михальченконың «Бұл менің қалам» жұмысы кірді. Василиса Ертісте орын алған өзінің туған қаласы Павлодарды бейнеледі. Жұмысы түрлі-түсті қағазға гуашьпен орындалған. Оның композициясында үй тұрмысының бөлшектері анағұрлым көп, сондықтан да ол өте тыңғылықты және үйлесімді болып келеді.
Оның жетекшісі Сәуле Бейбітхановна Пернебаеваның айтуы бойынша «Осы күнтізбе қарай отырып біздің елімізді бірден-бір көрсете білетін Василисаның бұл жұмысы арқылы, біздің Отанымызды шуақты және жарқыраған деп қабылдайтын болады», - деді.