Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикада бірінші
09-01-2019 17:38
Республикада бірінші

В. М. Чеппелді еске алуға арналған Қазақстан Республикасы Чемпионатының бірінші кезеңінде жасанды рельефтегі туристік саяхат (тау туризмі) бойынша Павлодар командасы аймақтық команда құрамында өнер көрсетті. Қалалық команда құрамына жасөспірімдер мен Экология және туризм бойынша жастар орталығының «Вершина» (жетекшісі Агалаков Сергей Николаевич), «Усольский меридиан» (жетекшісі  Ридзаускене Ирина Валерьевна), «Пирамида» (жетекшісі Ридзаускас Владислав Юрьевич) туристік спорттық клубтары кірді

Көптеген сайыстардың қорытындысы бойынша клуб мүшелері ең жақсы көрсеткіштер мен қашықтықтарда жылдамдық көрсетті және өз командаларына 1-ші командалық орындарды, сондай-ақ жастар мен жасөспірімдер арасында I, II, III орындарға ие болды. 2018 жылы Қазақстан Республикасының Кубогы турнирінің барлық сатыларының қорытындысы бойынша қалалық команда Республика бойынша III орынды иеленді. Биылғы жылы команда көсайысты І орынмен ашты. Команданың мүшелері алдағы уақыттағы жеңістерге жететініне және Қазақстанның чемпиондарына айналатындарына сенімді.

Аймақтардың туристік жарыстары 2019 жылдың 4 - 8 қаңтарында Алматы қаласында өткізілді. Мақсаты - туристік турнирлерді көпшілікке нгасихаттау және одан әрі дамыту, спорттық, техникалық және тактикалық дағдыларды жетілдіру, осындай жарыстарды ұйымдастыру арқылы тәжірибе алмасу, туристік турнирдің ең күшті командаларын анықтау және разрядтық нормативтерді орындау. Жарыстар 2 түрлі жас топтары арасында - жасөспірімдер (2001 жылы туылғандар мен  одан кішілер) және кіші жастағылар ( 2005 жылы туылғандар мен одан кішілер) 3 қашықтықта - жеке, командалық (тау жыныстар) және қатпарлар өткізілді. Сайыс  қорытындысы әр қашықтық нәтижесі және жалпы командалық есеп бойынша шығарылды.