kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2904874
Бір айда301502
Бір аптада52053
Кеше3715
Тәулік2779
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңа білім беру технологияларын енгізу
10-01-2019 10:46
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңа білім беру технологияларын енгізу

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті білім беру мазмұнын жаңарту, қазақстандық білім беруді реформалау, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні дамыту мәселелері бойынша педагогикалық шеберлікті жетілдіру мақсатында оқыту семинарлары, практикумдар, шеберлік сыныптарын өткізеді.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбие процесіне жаңа білім беру технологияларын енгізу бойынша 2019 жылы 9 қаңтарда № 24 ЖОМ базасында ұйымдастырушылық іс-әрекет ойындары өткізілді. Оған қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 300-ден астам пән мұғалімдері мен 30-ға жуық тренері қатысты. Модератор ретінде қала мектептерінің жаттықтырушы-мұғалімдері Г. К. Көлжанов, А. Н. Мұқатаева қатысты. (Кенжекөл ЖОМ), Е. Н. Потарская, И. Н. Садовая, А. К. Долголевец (№ 43 ЖОМ), Н. К. Антошина, Е. Н Андреева, И. Н.Сидорова (№ 34 ЖОМ), А. С. Шарипова (№ 4 ЖОМ), Ж. О. Сарсебаева (№ 2 ЖОМ), С. Б. Төлеубаева (№ 42 ЖОМ), Г. Х. Мурадымова (№ 17 ЖОМ), А. М. Валеулина, Р. А. Искакова (№ 30 ЖОМ), Е. В Николаева., К Байшукир, Г. С. Смагулова, А. Ш. Казимова (№ 24 ЖОМ), А. А Жантемирова. (№ 26 ЖОМ), И. Е. Оспанова, Л. Ж. Аскарова (№ 13 ЖОМ), А. З. Нығманова (№ 22 ЖОМ).

Қатысушылар жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын, «Step by step», сыни ойлауды, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу құралдарын тәжірибеде пайдаланып, пысықтап педагогтер жасаған материалдарды сараптауға қатысты.

Ұйымдастырушық іс-әрекет ойындары мұғалімдердің кең ортасында оқыту мен тәрбиелеудің перспективалық бағыттарын ұғынуға, білім берудің жаңа моделін іске асырудың тиімді жолдарын іздеуде белсенді жүріп жатқанын көрсетті.