ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Танымдық қысқы демалыс
11-01-2019 09:12
Танымдық қысқы демалыс

Қысқы демалыс кезенінде «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының 16 тәрбиенушілері 2019 жылғы 4 - 5 қаңтар аралығында Новосібір облысының Карасук қаласында өткізілген Халықаралық бокстан турнирге  қатысты.    Турнирдың нәтижесі бойынша 14 оқушы жүлделі орынға ие болды. I орынға ие болғандар Сарсенбек Байболатов № 37 ЖОМ оқушысы,  Ернар Серікболсынов, Мақсатұлы Аслан, Мұратов Ілияс № 19 ЖОМ оқушылары, Алихан Бауыржан №12 ЖОМ оқушысы. II орынға ие болды Орынбаев Бекжар № 5 ЖОМ, Аджибеков Ринат № 2 ЖОМ, Қалым Ернұр № 2 ЖОМ, Қайрден Алихан № 5 ЖОМ, Абдирбаев Динасыл № 12 ЖОМ оқушылары. III орын Сарсенбек Бекболат № 17 ЖОМ, Ақпан Айдар № 9 ЖОМ оқушылары. Жас боксшыларды дайындағана  жаттықтырушылар Сулейменов Бексұлтан Зейноллаұлы және Жаменкенов Ертай Хайроллаұлы.

Дәстүрлі мектептер ата-аналармен бірлесіп демалыс уақытында облыстан тыс жерлерге шығуды ұйымдастырды. Бұрабай курорттық аймағында орналасқан Discovery  сауықтыру орталығында № 4 ЖОМ 15 оқушысы демалды,  «Звездный» орталығында № 29 ЖОМ 35 оқушысы  каникул кезеңдерің өткізді.  Сонымен қатар № 43 ЖОМ 30 оқушысы Бұрабайда демалып,  Аяз- атаның резиденциясына барып  қайтты. Екі күндік  Астана қаласына  саяхатқа  № 5 ЖОМ 28 оқушысы  жол жүрді.  Оқушыларға  «Силуэты Астаны»  тақырыбында жалпы қала бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына, Тұңғыш Президент мұражайына, Тұңғыш Президент кітапханасына, «Астана Байтерек» монументіне, әскери-тарихи мұражайға, нұр алем сферасына саяхаттар  жүргізілді. Оқушылар механикалық энергия құру үшін су баспалдақтарын салды, велосипедпен серуендеп, өсімдіктерді өсірді.  Астана қаласының балалар-жасөспірімдер туризм және өлкетану орталығымен  осы сапар ұйымдастырылды,   Павлодар облысы  бойынша «Альпинизм және құзға өрмелеу федерация» ҚБ басшысы Каримова Марина Раисовна  ұйымдастырушы болып табылды.

Қысқы демалыс мерзімінде жалпы 30 мың оқушының  бос уақыты ұйымдастырылды.