ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мейірімділік пен музыка әлеміне саяхат
17-01-2019 11:41
Мейірімділік пен музыка әлеміне саяхат

    Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде рухани-адамгершілік, этикалық тәрбие беру мақсатында «Мейірімділік пен музыка әлеміне саяхат» атты шолу концерті өткізілді. Мақсаты - өзін-өзі жетілдіру үшін жағдайлар жасау арқылы өзін-өзі тану процесіне мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік құндылықтарды, мінез-құлықтың этикалық нормаларын қалыптастыру.

       Оқушылармен мейірімділік пен зұлымдылық, сыпайылық, көңіл бөлу туралы әңгімелесу өткізілді. Мектеп оқушылары сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешті, «Мейірімді сөздердің маңыздылығы», «Өзгеге мейірімділік сыйла» конкурстарына қатысты. Мейірімділік туралы Б. Савельевтің музыкасына жазылған, сөзі А. Хайттың «Если добрый ты», «Дорога добра» (музыкасы М. Минкова, сөзі Ю. Энтиндікі), «Кто добрее всех на свете» (музыкасы мен сөзі Л. Мельникованыкі), қуаныш туралы «Я нарисую счастье» (музыкасы мен сөзі Е Челнокованыкі), «Дети солнышку смеются» (музыкасы Е. Обухованікі, сөзі Ю.Марцинкевичтікі), «Голубое чудо» (музыкасы мен сөзі Е.Обухованікі), балалық шақ туралы «Взрослые и дети» (музыкасы В. Шаинскийдікі, сөзі М. Таничтікі), «Детство» (музыкасы Р.Болотнойдікі, сөзі С. Лапниковтікі), «Музыка и дети» (музыкасы Ю. Чичковтікі, сөзі М. Пляцковскийдікі) әндері шырқалды. Іс-шара қатысушылары «Сыпайылық пен мейірімділік» атты ерекше сыйқырлы елге есте қаларлық саяхат жасап, ұлы адамдардың шешендік сөздерімен танысты, оқушылар өздерінің игі істері мен әрекеттері туралы айтты. Ағартушылық концерттің қорытындылары бойынша қатысушылар сыйлықтар иеленді. Мектептің әдіскері Марина Юрьевна Бойко: «Әр уақытта адамдардың бойындағы мейірімділік, әділеттілік, қайырымдылық, адалдық, ықыластылық, құрметтеу сияқты қасиеттер бағаланған. Ескі әліпбидегі әріптер адамға ең жақын сөздер арқылы таңбаланған - ж (жер), а (адамдар), о (ой), м (мейірімділік). Мейірімділік әлеміне музыкалық саяхат оқушыларға жалпы адамгершілік құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді», - деді.