ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Күрделі сұрақтарды шешуде психологтың сапалы жұмысты
17-01-2019 15:29
Күрделі сұрақтарды шешуде психологтың сапалы жұмысты

Павлодар қаласының білім беру бөлімі Қазақстан Республикасының Денсаулық Министірлігіне қарасты аймақтық республикалық психологиялық орталықтың мамандарымен бірлесе 2019 жылдың 16 қаңтарында «Стандарты профилактики проблемного поведения школьников» тақырыбында семинар өтілді. Бұл семинарға 42  тәрбие жұмысының директор орынбасарлары мен қала мектептерінің 40 педагог-психологтры қатысқан болатын.

Семинарда  психологиялық  орталықтың маманы Бекетова Леся Аркадьевна  оқушылар арасында есіртке қабылдау жұмыстарын алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан (EDPQS) Европалық стандарттағы жаңа технологияларды тиімді қолдану жолдары туралы айтып берді. Семинарға қатысушылар бұл жобаны іске асырудағы тиімді жолдарды талқылап, оны қолданудағы жаңа интервенциялар көрсетілді. Бұл семинарда жаңа стандарттық жобаларды  мектепте қалай қолдану керектігі, оны қолдануда тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларының, педагог-психологтардың рөлі және психологиялық орталықтың мамандарының жобаны іске асыруда көрсететін көмектері арқылы бұл сұрақта сапалы шешім табу жолдары айтылды.