ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Балалардың Алматыдағы демалысы мен сауықтырылуы
06-02-2019 17:32
Балалардың Алматыдағы демалысы мен сауықтырылуы

         2019 жылдың 5 ақпанында Алматы қаласындағы «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталығының «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешеніне Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 10 оқушысы барды. Жолдамаларды 7 - 14 жас аралығындағы аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар алды.

«Бөбек» кешенінде болған кезде оқушылар мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес білім алады, қызығушылықтары бойынша қосымша сабақтар алады. Сондай-ақ оларға қолайлы өмір сүру жағдайлары, белсенді демалыс, қызықты демалыс өткізу қамтамасыз етіледі. «Бөбек» кешенінде болу уақыты 22 күн.