ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Тарихты білу кіші отаннан басталады
08-02-2019 11:16
Тарихты білу кіші отаннан басталады

Павлодар қаласының № 33 ЖОМ «Менің кіші отанымның тарихы» квест-ойыны өтті. Ойынға № 31, 32, 33 жалпы білім беретін мектептердің 5 - 7 сыныптарының 24 оқушысы қатысты. Мақсаты - отаншылдыққа, азаматтыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, өткен және бүгінгі күнге құрметпен қарауды қалыптастыру, танымдық, коммуникативтік білімді дамыту.

Мектеп қатысушылары 4 топқа бөлініп «Тарихи», «Туған өлкенің табиғаты», «Атақты жерлестер», «Көне заттар», «Сәулет және ғимараттар», «Тіл және мәдениет» станциялары бойынша саяхат жасады. Әр станцияда оқушылар туған өлке тарихы, белгілі адамдардың тарихы, киелі орындар, тарихи оқиғалар бойынша тарих, әдебиет, география пәндерінен тапсырмаларды орындады. Ойын барысында № 32 НОМ «Оzerka kz» командасы станциялардағы барлық тапсырмаларды еңсере алды, қаланың және өздерінің ауылының тарихи туралы білімдерін көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша команда гран-приге ие болды.