ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік вебинары
11-02-2019 10:27
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік вебинары

Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері педагогикалық шеберлік орталығының әдіскері Қайыржан Сағынтайұлы Альмағамбетов өткізген «Бастауыш мектептегі ойлауды дамытудың практикалық тәсілдері» тақырыбындағы вебинарға қатысты.

Әдіскер бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытудың түрлері, әдістері және оны тәжірибеде қолдану тәсілдері туралы баяндады. Оқушының зейінін, есте сақтау қабілетін арттыруда ұлттық ойындарды сабаққа кіріктіріп оқытудың маңызы, пән аралық байланыс және аймақтық компоненттерді қолданудың ерекшеліктеріне тоқталды. Дидактикалық ойындардың мазмұны, бейнені құрастыру, кәсіби бағдар беру мәселелерін қозғады. Сондай-ақ «Kahoot»,  «Поезд құру»,  «Буриме», «Өлең құрастыру» әдістерімен бөлісті. Олардың сабақта қолдану тәсілдеріне түсінік берді. Вебинар материалдары қаламыздың  бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік қорын толықтыра түсті.