ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
ОЖСБ-ға дайындық аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
19-02-2019 11:46
ОЖСБ-ға дайындық аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

2019 жылғы 14 ақпан күні Павлодар қаласы Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Б. Момышұлы атындағы № 22 ЖОМ  математика, дүниетану және әдебиеттік оқу пәндерінен ОЖСБ-ға дайындау бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету  мақсатында семинар-практикум өткізді. Семинарға қаланың жалпы білім беру  мектептерінің 45 мұғалімі қатысты. Семинар мақсаты ОЖСБ-ға дайындық аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру және ОЖСБ  дайындаудың әдіс-тәсілдері бойынша  іс-тәжірибемен алмасу болып табылды.

Семинардың модераторлары № 22 мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Айтжамал Шакиртовна Жамалиденова,  Айнур Жумагельдиновна Уалинова, № 7 ЖОМ мұғалімі Гульжахан Раиимовна Кадырбаева ОЖСБ-ға дайындықты тиімді жүзеге асыру механизмдерін түсіндірді. Бастауыш сыныптағы 4-сыныптың негізгі  пәндері бойынша  ОЖСБ-ға дайындаудың принциптерін, оқушылармен қайталау жұмысын өткізу, функционалдық сауаттылықты дамытудың әдістерін көрсетті. Қатысушылар оқушылардың математикалық және оқу сауаттылығын қалыптастыруға арналған мәтіндік тапсырмалар құрастыруды практикада қолдану арқылы күтілетін нәтижелерді диагностикалау және жоспарлауды үйренді. Павлодар қаласы Білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Шахановна Қайырғазина ОЖСБ-ға дайындық барысында оқушылармен жұмыс істеу бойынша ұсыныстармен таныстырды. Қала мектептеріне ОЖСБ-ға дайындық барысында жұмыста қолдану үшін семинар материалдары, жадынамалары жіберілді.