ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тау туризмі техникасы бойынша оқушылардың жетістіктері
21-02-2019 10:14
Тау туризмі техникасы бойынша оқушылардың жетістіктері

    «СЮТур» балалар аула клубының 28 тәрбиеленушісінен құралған Павлодар қаласының құрама командасы жасанды рельефте тау туризмінің техникасы бойынша облыстық чемпионатқа қатысты.Павлодар құрама командасы үшін чемпионат айтарлықтай жетістіктерге жетті. Қатысушылар шеберлік пен техниканың жоғары деңгейін көрсетті, разрядтық талаптарды орындады, жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен марапатталды, жалпы алғанда 4-ші дәрежелі 5 кубок алды (жетекшілері Ридзаускаса Владислав Юрьевич, Ридзаускене Ирина Валерьевна, Агалакова Сергей Николаевич).

         «Құрамалық» қашықтық 10 - 12 жас аралығында команда I орын және III жалпықұрамалық орынға ие болды.

         «Тізбек» қашықтығында 13 - 14 жас аралығында I орынды Атлан Лена мен Дерендяев Богдан, II орынды Киселев Артем мен Идрисов Елнұр және «Құрамалық» қашықтықта I орынды иеленді.

         «Тізбек»қашықтығында 15 - 16 жас аралығында Лопатина Нина мен Лихолатов Костя ІІ орын, Терешков Женя мен Синченко Никита ІІ орын, Атлан Саша мен Продан Даша ІІІ орын, «Құрамалық» қашықтықта ІІ және ІІІ орын, жалпы құрамалық ІІ және ІІІ орын алды.

     «Тізбек» қашықтығында 17 жас және одан үлкен топта Борисенко Данил және Продан Настя II орын, Кадеев Рамиль және Сидоренко Миша - I орын, Порохов Артем және Коцюбчик Адам - III орын, «Құрамалық» қашықтықта - I орын алды.

         Турнир 2019 жылғы 15 - 17 ақпанда Екібастұз қаласының «Қайнар» білім беру орталығында өтті. Чемпионат «Тізбек» және «Құрамалық» қашықтық жарысы бойынша 10 - 12 жас, 13 - 14 жас, 15 - 16 жас, 17 жас және одан жоғары жас топтар арасындаболды.