Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас актерлерді таныстыру
28-02-2019 16:50
Жас актерлерді таныстыру

Қазақ жазушысы, драматург, театр сыншысы Жүсіпбек Аймауытовтың 130-жылдығына арналған «Театрдың ғажайып әлемі-2019» театр өнері республикалық фестиваль-конкурсының облыстық кезеңі 2019 жылғы 27 ақпанда М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында өткізілді. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, қосымша білім беру ұйымдарының балалар театр ұжымдары, аудандық, қалалық конкурстардың жеңімпаздары келесідей театр жанрлары бойынша: «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль», «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ спектаклі» спектакльдерін ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен № 35 ЖОМ «Айналайын» театр ұжымы, ІІ дәрежелі дипломмен - № 28 ЖОМ «Домовята» театр шеберханасы, ІІІ дәрежелі дипломмен - Павлодар қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы № 22 ЖОМ «Сахна төрі» театр ұжымы марапатталды. «Үздік сахналық костюм» номинациясы бойынша № 35 ЖОМ, № 20 лицей-мектебінің «Көркем сөз» театр ұжымы жеңімпаз атанды.

Байқаудың басты мақсаты балалар театр шығармашылығын дамыту болып табылады. Жас театрлардың өнерін Ж. Аймауытов атындағы театрдың еңбек сіңірген актерлері «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері Жұмахан Доспаев, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Құралай Мұсанова, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Гүлжанат Омарова бағалады.