ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Латынша үйренейік
12-03-2019 09:33
Латынша үйренейік

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, қазақ әліпбиін латын графикасына аударуды насихаттауда «Латынша үйренейік» акциясы ұйымдастырылған болатын. Акция Павлодар қаласының № 35 ЖОМ өтті. Мектептің 10 - 11 сынып оқушылары латын графикасы бойынша диктант жазуға  қатысты. Диктант өткізудің мақсаты қазақ тілін қолдануды кеңейту, қазақ әліпбиін жаңғырту болып табылды. Оқушыларға көмек үшін латын графикасы алфавитінің кестесі берілді.

Мектепте бұл латын графикасына арналған алғашқы шара емес. Павлодар қаласының білім беру бөлімімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай конкурс-эссе өткізілді, оқушылардың 5 - 11 сыныптары арасында диктант жазды. Мектепте латын әліпбиін оқыту бойынша 5-ші сынып оқушылары үшін үйірме ашылды. Акция облыстық тілдерді дамыту басқармасымен ұйымдастырылды.