Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көне мұра - Ұлы даланың болашағы
14-03-2019 17:42
Көне мұра - Ұлы даланың болашағы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар қаласының дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы № 41 ЖОМ  2019 жылғы 14 наурызда «Көне мұра - Ұлы даланың болашағы» тақырыбында Павлодар география үйімен бірлесе отырып өткізілді. Мақсаты: география, тарих, өлкетану білімдерін негізге ала отырып, Павлодар облысының ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның  киелі орындарын танып білу.

Шебер-сабағын Павлодар география үйінің директоры Вервекин Александр Анатольевич өткізді. Ол Ұлы Жібек жолы туралы, Ұлы Жібек жолымен өткен  қазіргі заманғы елдердің туымен, сондай-ақ Тәжікстан, Үндістан, Қырғызстаннан әкелінген жәдігерлермен таныстырды. Оқушылар үлкен қызығушылықпен белсенді қатысты. № 41 ЖОМ география пәнінің мұғалімі Шевченко Алена Григорьевна және 9 сынып оқушысы Сидорук Ксения үш тілде «Медиа-мұражайға саяхат» деген брейн-ринг өткізді. Оқушылар әр  тапсырманы: пазл, ребустар, сөзжұмбақтарды қызығушылықпен орындады, пәндер бойынша ассоциациялармен бөлісіп, тарих, география пәндерінен білімдерін көрсетті. Брейн-ринг барысында қатысушылар виртуалды сөздік жүргізді, онда елдің 7 бренді ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде ойлар айтылды.

Мектеп директоры Анар Еркінқызы Солтанбекова: «Біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында әртүрлі іс-шаралар  өткіземіз. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін зерттеу мақсатында «Шаңырақ» жобасы іске асырылуда, «Қазақстан: Ұлы саяхат және саяхатшылар тарихы» атты бейне-сабақ өткізілді. Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына орай «Қазақ жерінің Ұлы жұлдызы» атты шеберлік сабағы өткізіліп, сынып сағаттары мен кездесулер өтуде», - деді.