ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектебі оқушысының алғашқы өлеңдер жинағының тұсау кесері
15-03-2019 10:28
Қала мектебі оқушысының алғашқы өлеңдер жинағының тұсау кесері

2019 жылғы 14 наурызда Павлодар облысының «JEBE» ҚҰ «Томаға тартар» жобасы аясында Павлодар қаласының № 7 мектебінің 11 сынып оқушысы Байдүйсен Тоғжанның алғашқы өлеңдер жинағының тұсау кесері өтті. Өлеңдер жинағына 50-ге жуық өлеңдері енді, олар асқақ арман, өмір, мектеп туралы.

Тоғжан 12 жасынан өлеңдер жазып бастады, ол зерек, талапты өз өлеңдерін ана тілінде жазады. Өз өлеңдеріндеқоғамдағы болып жатқан толғандыратынмәселелер туралы жазады. Әрбір ақын өзінің жазу стилімен ерекшеленеді. Павлодарлық ақындар Арман Кани, Акын Алақанұлы, Куанышбек Шармановтың өлеңдерін сүйіп оқиды. Болашақта Тоғжан өзінің мамандығын қазақ әдебиетімен байланыстырып журналистика немесе филология саласын таңдауды жоспарлап отыр. Тұсау кесер барысында ата-анасына арналған «Әкешім», «Анашыма арналған бір ауыз сөз», «Жетінші мектебім», «Ұстаз керек адамға», мұғалімі Куляй Машрапқызы Камалиевағаарналған «Ұстазым Куляй Машрапқызына арнау» өлеңдерін оқыды. Тұсау кесерде белгілі ақын көптеген айтыстардың жеңімпазы Қуанышбек Шарманов, жас ақын Дария Келген биылғы жылы Қызылжар қаласында өткен аймақаралық ақындар мүшайрасының гран-при иегері, Жұмабек Сманов «JEBE» ҚҰ төрағасы қатысты. Мектеп директоры Бекбосынова Халида Васильевна өз сөзінде Тоғжанның қазақ тілі пәнінен қалалық олимпиаданың жүлдегері, шахмат турнирларының жеңімпазы, оқу үздігі «Алтын белгі» аттестатының үміткері екенін атап өтті.