ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық Абай оқуларына қала мектеп оқушыларының тұрарлықтай қатысуы
19-03-2019 11:06
Облыстық Абай оқуларына қала мектеп оқушыларының  тұрарлықтай қатысуы

Абай оқуларының ХХ облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша   30 жеңімпазы және жүлдегерлер қатарынан «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында І орынды № 24 ЖОМ 10 сынып оқушысы Колтай  Максат алды (барлығы 4 оқушы). Өзі  шығарған өлеңдерін орындаушы бірнеше рет қалалық, облыстық оқулардың жеңімпазы мен жүлдегері 5 наурызда  оқудың қалалық кезеңінде  алған І орнын растады. ІІ орын алған 10 оқушы қатарында «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»  № 38 НОМ 6 сынып оқушысы Хавалхаг Газиз, «Көңілім әнді ұғады» бағытында № 12 ЖОМ 5 сынып оқушысы Абылғазы Сұңқар өздерінің жас ерекшелігіне қарамастан  өздеріне  лайық  қала атынан  қатысты.                

2019 жылы 18 наурызда № 3 дарынды балаларға арналған  гимназияда Абай оқуларының облыстық кезеңі өтті. Облыстың мамандандырылған мектептерінің, оқудың қалалық, аудандық  кезеңдерінің жеңімпаздары жалпы білім беру мектептерінің 82 оқушысы қатысты. Абай оқулары 4-бағыт бойынша өтті: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас ақындар байқауы, «Көңілі мәнді ұғады» - Абай және  Шәкәрім өлең және күй орындау, «Ұлылар  әлемі» - Абай және Шәкәрім шығармалары бойынша эссе байқауы. 2019 жылғы тамыздағы облыстық оқу жеңімпаздары Абай оқуларының ХХ республикалық байқауына қатысады.