Абай оқуларының ХХ облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 30 жеңімпазы және жүлдегерлер қатарынан «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында І орынды № 24 ЖОМ 10 сынып оқушысы Колтай Максат алды (барлығы 4 оқушы). Өзі шығарған өлеңдерін орындаушы бірнеше рет қалалық, облыстық оқулардың жеңімпазы мен жүлдегері 5 наурызда оқудың қалалық кезеңінде алған І орнын растады. ІІ орын алған 10 оқушы қатарында «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» № 38 НОМ 6 сынып оқушысы Хавалхаг Газиз, «Көңілім әнді ұғады» бағытында № 12 ЖОМ 5 сынып оқушысы Абылғазы Сұңқар өздерінің жас ерекшелігіне қарамастан өздеріне лайық қала атынан қатысты.
2019 жылы 18 наурызда № 3 дарынды балаларға арналған гимназияда Абай оқуларының облыстық кезеңі өтті. Облыстың мамандандырылған мектептерінің, оқудың қалалық, аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары жалпы білім беру мектептерінің 82 оқушысы қатысты. Абай оқулары 4-бағыт бойынша өтті: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас ақындар байқауы, «Көңілі мәнді ұғады» - Абай және Шәкәрім өлең және күй орындау, «Ұлылар әлемі» - Абай және Шәкәрім шығармалары бойынша эссе байқауы. 2019 жылғы тамыздағы облыстық оқу жеңімпаздары Абай оқуларының ХХ республикалық байқауына қатысады.