kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2791749
Бір айда252726
Бір аптада66650
Кеше4842
Тәулік415
Павлодар қаласындағы SportFEST Kazakhstan оқушылардың республикалық спартакиадасы
15-04-2019 12:13
Павлодар қаласындағы SportFEST Kazakhstan оқушылардың республикалық спартакиадасы

Облыста 2 күндік іріктеу турында облыстың аудандары мен қалаларынан келген 8 - 10 сыныптардың 429 оқушысы финалға өту мүмкіндігі үшін күресті. Жарыс № 25 ЖОМ жасөспірімдер арасында футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі, қыздар арасында баскетбол және тоғызқұмалақ бойынша өтті. №16 лицей-мектебінде шамхат, тоғызқұмалақ, теннис бойынша спартакиаданың 2-ші туры және салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Облыстық жарыстың жеңімпаздары Шучинск қаласының «Балдәурен» лагерінде республикалық жарыстарға қатысады.

Белгілі бір спорттық жетістіктері, жылдың барлық жарыстарына белсенді қатысқаны үшін Павлодар қаласының № 35, 14 мектептері «SportFESTKazakhstan» жобасы шеңберінде республикалық іріктеу турында қолданылатын теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары спорттық құрал-саймандарға Samruk - KazynaTrust сертификатын алды.

II ауқымды республикалық спартакиада Қазақстандағы жастар жылына орайластырылып отыр. Оған елдің 14 өңірінен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 2003 - 2005 жылдары туылған жалпы білім беретін мектептердің 7 мыңнан астам оқушысы қатысады. Samruk-KazynaTrust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры коммуникативтік бастама және стратегия қорымен бірлесіп, жастар жобасын ұйымдастырушы болып табылады. SportFEST Kazakhstan жобасы бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастарға патриоттық тәрбие беруге бағытталған.