ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жеңіс күніне арналған мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы спринт
02-05-2019 17:20

Өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік, рухани және патриоттық сезімдерін насихаттау мақсатында білім беру бөлімінің жоспары аясында 2019 жылғы 3 мамырда сағат 10.00-де Жеңістің 74 жылдығына арналған мектепке дейінгі балалардың спринті өтеді. Бұл шара 9 мамырға қарсы 13 жыл бойы өтіп келеді. Шараға тәрбиешілер, олардың ата-аналары, Павлодар қ.  №24 балабақшаның педагогтері, Павлодар қ. Шағын ауданның ардагерлер кеңесі қатысады (қатысушылар саны 120 адам).

Негізгі міндеттер:

·        балаларды тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бойынша жобаны іске асыруға тарту.

·        жоғары патриоттық сезімді қалыптастыру, Отан қорғаушыларға, мемлекеттік дәстүрлерге, қоғамдық мерекелерге құрметпен қарау.

·        идеяның, азаматтықтың балалар және үлкендер арасындағы әлеуметтік белсенділіктің көрінісі (МДМ қызметкерлері және ата-аналар).

Маршрут №24 балабақша аумағынан Қайырбаев көшесі бойынша басталып Даңқ Обелискісіне дейін.

Спринт 4 кезеңнен тұрады:

I кезең – кіші топ балалары велосипедпен балабақша аймағы бойынша жүгірісті бастап, эстафетаны ортаңғы және ересек топтары балаларына береді.

II кезең – ортаңғы және ересек топтары балалары балабақша аймағынан Қайырбаев көшесіне дейін (жолға дейін) эстафетаны ата-аналарға және балабақша қызыметкерлеріне береді.

III кезең – ата-аналар және балабақша қызыметкерлері Қайырбаев көшесі бойынша Даңқ Обелискісіне дейін жүгіреді. МПС жолды жабады және жүгірушілердің алдынан жүреді.

IV кезең – даярлық топ балалары Даңқ Обелискісі жанында эстафетаны қабылдайды.

Даңқ Обелискісі жанында балалардың тақырыптық қойылымдары мен, тыныштық сәтімен митинг ұйымдастырылады. Шара спринтке қатысушылардың гүл қоюымен аяқталады.

Сонымен қатар спринке тыл жұмыскерлері, Павлодар қаласы білім беру бөлімі өкілдері, Павлодар қалалық Нұр Отан партиясы филиялы, ішкі саясат басқармасы өкілдері қатысады.