«Жүректен-жүрекке» мектеп жобасы аясында Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде «Сүйікті кинофильмдерден музыка» ретро-концерті өтті. Концертке мектептің және қаланың педагогикалық еңбек ардагерлері, шағын ауданның тұрғындары шақырылды.
60 - 70 жылдардағы кинофильмдерден сүйікті әндер көрермендерге жарқын театр қойылымдары мен хореографиялық миниатюралар түрінде ұсынылды. Ләззат Арықпанованың орындауында қобызда «Любовь в Венеции» кинофильмінен «Элегия» және қазақ әндері тақырыбындағы попурри атты тамаша туындылар шырқалды. Концерттің безендірілуі аспаптық композициялар болды: Олег Михайленко, Татьяна Яловцева және Айнұр Мусатаева орындауындағы «Берегись автомобиля» кинофильмінен вальс, Ирина Петрова мен Дмитрий Масленниковтың орындауындағы «Ирония судьбы» кинофильмінен әуенге попурри. Педагогтар мен оқушылардың аспаптық ансамблінің орындауындағы «Игрушка» кинофильмінен әуені шырқалды, педагогтар Дария Исаева, Гульнафис Макышбаева және Дарига Аллахвердиеваның орындауларындағы «Тақиялы періште» кинофильмінен «Көктем», «Мама» әндері, «Менің жанымда тыныштық жоқ» кинофильмінен «Служебный роман» кинофильмінен әндер тыңдаушылардың жүрегін жаулап алды. Концерттің жарқын соңында «Джентельмены удачи» кинофильмінен «Проснись и пой» атты ән шырқалды. Балалар музыка мектебінің педагогтары Ксения Миронец, Анастасия Федунова, Ольга және Александр Андрющенко, Регина Иванова, Наталья Процкая, Константин Макаров ән айтып, би билеп, сахнада өз рөлін ойнады. Концерт шынайы мейірімділіктің мерекесі болды.


