ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балабақша тәрбиеленушілерінің он үшінші спринті
08-05-2019 10:47
Балабақша тәрбиеленушілерінің он үшінші спринті

Өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік, рухани және патриоттық сезімдерін насихаттау мақсатында Павлодар қаласының № 24 балабақшасында 2019 жылғы 3 мамырда Жеңістің 74 жылдығына арналған мектепке дейінгі балалардың спринті өтті. Бұл шара 9 мамырға қарсы 13 жыл бойы өтіп келеді. Шараға 120-дан астам тәрбиеленушілер, ата-аналар, № 24 балабақшаның педагогтері, № 2 шағын ауданның ардагерлер кеңесі қатысты.

Спринт 4 кезеңнен тұрды - кіші топ балалары велосипедпен балабақша аймағы бойынша жүгірісті бастап, эстафетаны ортаңғы және ересек топтары балаларына берді. Одан кейін  ортаңғы және ересек топтары балалары балабақша аймағынан Қайырбаев көшесінің жол бойына  дейін эстафетаны ата-аналарға және балабақша қызыметкерлеріне берді. Өз кезегінде ата-аналар және балабақша қызыметкерлері жүгіруді Жергілікті полиция қызметкерлерінің қолдауымен Қайырбаев көшесі бойымен Даңқ Обелискісіне дейін жалғастырды, ол жерде эстафетаны даярлық тобы балалары алды.

Даңқ Обелискісі жанында тыл жұмыскерлері, Павлодар қаласы білім беру бөлімі, Павлодар қалалық «Nur Otan» партиясы филиялының өкілдері, ішкі саясат басқармасы өкілдерінің қатысуымен, балалардың тақырыптық қойылымымен, тыныштық сәтімен және гүл қоюмен митинг өтті.