ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодар қаласының мектеп оқушыларының оқу-дала жиыны
13-05-2019 10:05
Павлодар қаласының мектеп оқушыларының оқу-дала жиыны

Қазақстандық патриотизмді дамыту, өскелең ұрпақтың әскери дағдыларын дамыту мақсатында 2019 жылғы 13 - 17 мамыр аралығында Павлодар қаласының мектеп оқушыларының оқу - дала жиыны өткізіледі. Жиындарға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 48 алғашқы әскери дайындық оқытушыларының сүйемелдеуімен 10 сыныптың 400 оқушысы қатысады.

Жиын Шарбақты ауданының «Лесная сказка» ЖШС-де өтеді, мұнда тұру және практикалық сабақтар өткізу үшін жағдай жасалған. 5 күн ішінде оқушылар әскери өмірге түседі. Жиында атыс және тактикалық дайындық, Қазақстан Республикасы Әскери қызмет жарғысын, топография және азаматтық қорғаныс бойынша практикалық сабақтар жоспарланған. Оқу-дала жиындарының қорытындысы бойынша оқушылар қорытынды баға алады.

Дәстүрлі түрде ауған-жауынгерлерімен кездесу жоспарланған, олар өздерінің естеліктерімен бөлісіп, болашақ Отан қорғаушыларына тілек білдіреді.