ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар суреттер аквареліндегі музыка
13-05-2019 10:18
Балалар суреттер аквареліндегі музыка

Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде  «Музыка біздің өмірімізде» акварельді кескіндеме бойынша  акварельді кескіндеме бойынша  облыстық байқауы өтті. Сайысқа облысымыздың қалалары, Ақтоғай, Железинка аудандары көркемсурет, өнер мектептері өнерстудияларының, жалпы білім беру мектептерінің 12 мен 17 жастағы   оқушылары қатысты. Балғын акварелистер  79 жұмыс ұсынды.

Сайыстың тақырыбы музыкамен байланысты өтті: «Біздің өміріміздегі музыка», «Музыка және музыкалық аспаптар тарихы», «Музыкалық аспаптармен натюрморт». Қатысушыларөз жұмыстарында музыка және кескіндеме атты өнердің - мүлде өзгеше екі түрі біріктіріп, ерекше бір селбесу құрды. Жұмыстар «ылғалды», «а-ля-прим» және «көпқабатты акварель»  әдістерін қолдану арқылы акварельдік техникасында жасалды.

Әділ қазылар құрамында Павлодарлық суретші-акварелист Сисенгали Баянгалиұлы Тіленбаев, Қазақстан халықаралық акварель қоғамдастығының көшбасшысы Светлана Владимировна Кравченко, Қазақстан Республикасының Білім үздігі Ерсін Қаскиұлы Тақырбасов жұмыс жасады.

По итогам конкурса 6 учащихся стали дипломантами, 15 учащихся получили поощрительные призы. Сайыс нәтижелері бойынша 6 оқушы  дипломант, 15  оқушы ынталандыру сыйлығына ие болды. I дәрежілі дипломымен  «Не дремлет страж» жұмысы үшін  Рупс Владислав,  № 34  ЖОМ оқушысы марапатталды, «Весенняя мелодия» жұмысы үшін - Кравченко Яна, Павлодар қалаласының балалар көркемсурет мектебінің оқушысы. Владислав өз жұмысында ұлттық интерьердегі домбрамен натюрмортын бейнеледі,ал Яна -  қобызбен натюрмортын. II дәрежелі дипломымен «Шәмші аға» жұмысы үшін Беишеналиева Айзат,  Б. Момышұлы атындағы ЖОМ оқушысы және  «Нурғиса Тлендиев» жұмысы үшін - Жеңіс Камила, Екібастұз қаласының  балалар көркемсурет мектебінің оқушысы марапатталды. III дәрежелі дипломымен  «Домбра» жұмысы үшін н Жилқибаев Руслан, № 24 ЖОМ оқушысы марапатталды және  «Мелодия кобыза» жұмысы үшін - Кеңесова Салтанат, Павлодар қаласының «Жігер»  балалар жасөспірім клубының тәрбиенушісі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Павлодар қаласының музыкалық мектеп оқушылары Прокопенко Юрий,  Южакова Ксения, Бейсеенова Анель, «До ре ми» триосы  Шамиева Аяна, Лобкова Дарья  және Шакалаева Айым құрамында сайыс қатысушыларына музыкалық номерлерін орындады.