ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Білімді ұлт: оқу сапасы және отбасылық құндылықтар
16-05-2019 10:22
Білімді ұлт: оқу сапасы және отбасылық құндылықтар

«Білімді ұлт: оқу сапасы және отбасылық құндылықтар» атты жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы аясында 2019 жылғы 15 мамырда Павлодар қаласының барлық жалпы білім беру мектептерінде Халықаралық Отбасы күніне арналған «Отбасылық тәрбие-өскелең ұрпақтың азаматтылығын қалыптастыру негізі» атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты - ата-аналармен бірге отбасылық тәрбие, олардың жауапкершілігін және бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру мәселелерін талқылау. Халықаралық Отбасы күні қазіргі әлемде әрбір «қоғамның ұясы» маңыздылығы туралы еске салады. Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде тұрақтылық пен дамудың факторы болып қала береді. Ата-аналар жиналыстарына 8000-нан астам ата-ана, психологтар, әлеуметтік педагогтар, қамқоршылық кеңестердің өкілдері, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мамандары қатысты.

Жиналыстарда мектеп басшылары, басшылардың орынбасарлары «Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рөлі», «Ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтудегі отбасылық құндылықтар», «Ата-аналардың орта білім беру ұйымдарының қоғамдық өміріне қатысуы (әкелер клубы, қарт адамдар кеңесі)» тақырыптарында сөз сөйледі. Ата-аналарға 9 - 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы, оқу жылының қорытындысын шығару, оқушылардың білім сапасы туралы ақпарат ұсынылды. Мектеп басқарудағы қамқоршылық кеңесінің қызметі, қамқоршылық кеңесінің және білім беру ұйымдарының ата-аналар комитетінің бірлескен жұмысы туралы мәселелер қаралды және талқыланды.

Балалардың жазғы демалысы қарсаңында ата-аналар балалардың бос уақытын, сауықтырылуын ұйымдастыру туралы сұрақтар қойды. Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға бейнероликтер көрсетілді. Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы күні ата-аналар мектепке келуге, мектеп басшылығымен, сынып жетекшілерімен, мұғалімдермен кездесуге және ағымдағы мәселелерді, келесі оқу жылына арналған жоспарларды талқылауға мүмкіндік алды.