ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Балабақша – мектепке дейінгі жастағы балалардың экологиялық тәрбиелеу орталығы» моделінің презентациясы туралы
16-05-2019 17:40

2019 жылғы 22 мамыр күні сағат 9.00 - 12.00 дейін Павлодар қаласының № 3 сәбилер бақшасында (Камзин көшесі, 9) «Балабақша -  мектепке дейінгі жастағы балалардың экологиялық тәрбиелеу орталығы»моделін қорғау»тақырыбында Павлодар қаласының білім беру бөлімінің сараптау кеңесінің отырысы өтеді.

Сараптау кеңесінің отырысы экологиялық квест формасында өтеді.

Сәбилер бақшасының басшысы Галина Степановна Лебедева балабақшаның 5 жылға даму бағдарламасының презентациясын өткізеді.

         Балалармен жұмыс блогында отырыс қатысушылары әр жас ерекшелік топтарда ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін көре алады. Дене-шынықтыру жұмысында инновациялық глайдинг-технологияларымен және «Экологиялық кейс» технологиясы арқылы «Солнышко» инновациялық көп фунционалды құрал-жабдықпен таныса алады.

         Қорытынды бөлім «Отырғызамыз! Баптаймыз! Сақтаймыз!» атты ұзақ мерзімді экологиялық акциясының қорытынды кезеңімен аяқталады. Осы кезеңде барлық қатысушылар аллеяда өз ағаштарын отырғыза алады.

         Отырыс қорытындысы бойынша балабақшаның экологиялық бағыттағы жұмысына сараптау бағасы берілетін болады.