ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала педагогтерінің үздік интерактивті сабақтары
29-05-2019 09:20
Қала педагогтерінің үздік интерактивті сабақтары

2019 жылдың 1 ақпаны мен 24 мамыры аралығында «Үздік интерактивті саба» педагогикалық идеялардың облыстық интернет-фестивалінде Павлодар қаласының білім беру мекемелерінің педагогтары белсенді қатысты. Интернет-фестивальді облыстық білім басқармасы мен облыстық ақпараттық технологиялар орталығы келесі бағыттар бойынша өткізді: жаратылыстану-математикалық пәндер, қоғамдық-гуманитарлық пәндер, Бейіндік оқыту, Бастауыш оқыту, сыныптан тыс оқыту.

Фестивальға қатысу үшін оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді енгізетін облыс педагогтерінен 123 өтініш берілді. Фестиваль шарттарына сәйкес түсініктеме беру үшін ақпараттық технологиялар орталығының сайтында 29 сәуір мен 13 мамыр аралығында жарияланған 74 жұмыс іріктелді.

Қазылар алқасы фестивальдің қорытындысын шығару кезінде объективті пікірлер ескерді

 «Жаратылыстану-математикалық пәндер» бағыты бойынша I орын Эргашова Замира Шамуритовна, Мұхтар Әуезов атындағы № 42 ЖОМ информатика пәні мұғалімі, II орын Молдабаева Гулмира Тельмановна иеленді, Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы № 22 ЖОМ физика мұғалімі.

«Бастауыш оқыту» бағыты бойынша I орынды № 21 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Сәуле Қайырбергенқызы Шүкірбаева, II орынды - Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Армангүл Мұхтарқызы Сыздықова иеленді.

«Сыныптан тыс оқыту» бағытында I орын - № 25 ЖОМ география пәні мұғалімі Камбурова Асылгүл Байболатқызы, II орын-Жанғазина Нұргүл Ахметбекқызы, Павлодар қаласы Б.Момышұлы атындағы № 22 ЖОМ информатика пәні мұғалімі.

«Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» бағытында I орынды Павлодар қаласының № 37 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Лейла Әмірханқызы Мұратова иеленді.

Білім басқармасының грамоталарымен төрт номинация бойынша қатысушылар марапатталды.

«Үміткер» номинациясы бойынша № 2 сәбилер бақшасының мектепке дейінгі білім беру мұғалімі Сундукова Любовь Николаевна және Павлодар қаласы № 30 ЖОМ математика мұғалімі Кабулова Жадра Сункарбековна марапатталды.

«Іздемпаз» номинациясында № 126 сәбилер бақшасының мектепке дейінгі білім беру мұғалімі Процкая Анастасия Ивановна және Павлодар қаласының № 43 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Уныйбаева Динара Серікқызы марапатталды.

«Шығармашыл» номинациясында - Павлодар қаласының №36 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абдрахманова Гүлжан Дүйсенқызы.