ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мәңгіліқ елдің - мәңгіліқ сарыны» фестивалі туралы
06-06-2019 15:07

2019 жылғы 7 маусым сағат 11.00-де Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде (1  Мамыр көшесі, 33) «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша мектептің «Болашақтың музыка әлемі» жобасы аясында «Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны» ІІ фестивалінің салтанатты жабылуы өтеді.

Фестиваль қорытындылары бойынша гала-концертте қобызшылар, домбырашылар, саксофоншыларжетігеншілер ансамбльдері, жаңа фольклорлық ансамбльдер көрермендерге өз шеберліктері мен таланттарын көрсетеді. Олардың орындауларында Құрманғазы, Тәттімбет, Естай, Нұрғиса Тілендиев, Дәулеткерей, Ықылас, Сейдолла Бәйтерековтың туындылары, қазіргі заманға сай әрленген қазақ күйлері мен халық әндері шырқалады. Мектептердің 350 оқушысы құрамындағы музыка мектебінің хор және оркестрлік ұжымының жаппай орындауындағы «Қазақ елі» туындысы фестивальдің финалдық акордына айналады.

Фестивальдің мақсаты - талантты балаларды қолдау, тарихты, мәдениетті, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін білу.

Фестиваль 2019 жылғы 3 маусымда ашылды және ол 7 маусымға дейін музыка мектептерінің құрылымдық бөлімшелерінде жалғасады. Бұл кезең ішінде көрермендер Қазақстан тарихы туралы қызықты викторинаға қуана-қуана қатысты, қаланың мектеп жанындағы лагерь оқушылары бірнеше концерттеріне барды. Іс-шара фольклордың түрлі жанрларына қызығушылық танытуға, заманауи көрермендер үшін қызықты өнер туындыларын жасауға мүмкіндік берді.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі