Жасөспірімдер мен балалардың денсаулығын бекіту, салауатты өмір сүруді насихаттау мақсатында облыстың білім беру басқармасы дене шынықтыру аймақтық оқу-практикалық орталығымен мектеп волейбол лигасының облыстық турнирінің финалы өткізілді. Турнир 2019 жылы 3 - 6 маусым аралығында Баянауыл ауылы Ш. Айманов атындағы гимназия-мектебінде және «Жас даурен» оқу-сауықтыру орталығында өтті.
Қонақ жайлы баянауыл жері кезекті рет облыстың мықты жас спортшылар арасында алғыр волейбол жарыстардың орталығы атанды. Жарысқа қалалық және аудандық жарыс волейбол лигасы II кезеңінің жеңімпаздары, 7 - 8 сыныптың 168 оқушы құрамында 21 мектеп волейбол командасы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша жалпы командалық сынақта Павлодар қаласының командасы жеңімпаз атанды, сонымен қатар I орынға ие болған 7 - 8 сынып оқушылар құрамында № 19 ЖОМ ұлдар командасы, жетекшісі Қанат Шахтайұлы Исенов, дене шынықтыру мұғалімі. II орынға 7 - 8 сынып оқушылар құрамында Бауыржан Момышұлы ЖОМ қыздар командасы, жетекшісі Арман Талғатұлы Рахмангулов, дене шынықтыру мұғалімі. Осы мектеп оқушылары Алдаберген Алуа (6 сынып), Карабалина Дильназ (8 сынып), Еркінова Аида (7 сынып) облыстың құрама командасында ойнады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстың білім беру басқармасының диплом, грамота және кубогымен марапатталды