ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Футбол бойынша облыстық турнир жеңімпаздары
11-06-2019 11:08
Футбол бойынша облыстық турнир жеңімпаздары

Павлодар қаласының № 22, 43 ЖОМ спорттық алаңында 5 - 7 маусым аралығында Ұлттық мектеп лига аясында  Дене шынықтыру аймақтық оқу-практикалық  орталығымен  2006 - 2007 жылы туған оқушылар арасында «Былғары доп» футбол бойынша  облыстық  турнир өткізілді.

Жарысқа Ақсу қаласы, Ертіс, Баянауыл, Успенка, Ақтоғай, Павлодар ауданының жалпы білім беру мектептерінің 135 оқушысы, сонымен қатар Павлодар  қаласының  № 4, 5, 25 ЖОМ командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы  бойынша  I орынға № 25 ЖОМ командасы ие болды,жетекшісі  Аниярұлы Оралхан, дене шынықтыру  мұғалімі.  Жеңімпаздар  мен  жүлдегерлер  облыстың  білім беру басқармасының  диплом, грамота  және кубогымен марапатталды. Турнир жеңімпаздары Семей қаласында 2019 жылы  13 -  21 маусым аралығында  республикалық турнирде  облыс атынан қатысады.