ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Балалардың жазғы демалысы
12-06-2019 09:20
Балалардың жазғы демалысы

«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқан шеңберінде 2019 жылғы 7 маусым күні Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы ЖОМ «Күншуақ қаласы» мектеп жанындағы лагерінде флешмоб өтті. Мақсаты - балалар еңбегін жою мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру.

Музыка және хореография мұғалімдері «Жоқ! деп айтайық» атты флешмобтың музыкалық және би композициясын дайындады. Флешмобқа 169 оқушы қатысты. Мектеп жанындағы лагерьде 1 - 11 маусым аралығында мектептің 1 - 6 сыныптарының 180 оқушысы демалады. Осы кезеңде балалар Павлодар облыстық көркемсурет мұражайында Павлодар қаласы ЮНЕСКО клубының Балалар көркемсурет мектебі түлектерінің көрмесіне, Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану  мұражайында «Көне сағаттар әлі жүріп тұр...» көрмесіне барды. 2 маусымда 12 шілдеге дейін 240 оқушы демалады.

Мектепте 1 - 10 сынып аралығында 1182 оқушы оқиды, жазғы кезеңде мектеп жанындағы және бейінді лагерлерде демалумен, сауықтырумен, мектеп жанындағы учаскеде, еңбек отрядтарында жұмыспен және спорттық жаттығулармен 85,4% оқушы қамтылады. Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрында «Қожа және спорт» театрланған қойылымға, қызығушылықтары бойынша шеберлік сағаттарға бару жоспарлануда.